Айша Бибі кесенесі, сәулетшісі белгісіз, XI-XII ғасырлар
Қазақстандағы үздік сәулет ескерткіштерінің дені - діни ғимараттар болып табылады. Біздің уақытқа дейін сақталып жеткен құрылыстардың ішінде аса қызықтыратыны - осылар. ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін сәулет өнерінің үздік нұсқасы Айша бибі кесенесі Тараз қаласынан 17 шақырым жерде Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында орналасқан. Біздің ғажап өлкемізге аяқ басқан әрбір адам мұсылман әлемі құрмет тұтатын, «әулие орын» деп аталған ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны Айша бибі кесенесіне ат басын бұрмай өтпейді.
Толығырақ