Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Гәнжә–Қазах аймағының археологиялық және этнографиялық зерттелуінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция

13.04.2026
«Гәнжә–Қазах аймағының археологиялық және этнографиялық зерттелуінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция
2026 жылы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен «Кешікшідағ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы арасында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара меморандумға қол қойылды.
 
Аталған меморандум аясында 2026 жылдың 13 сәуір күні көрнекті ғалым, палеолиттанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мансур Мансуровтың туғанына 90 жыл толуына, сондай-ақ 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Gəncə–Qazax bölgəsinin arxeoloji və etnoqrafik tədqiqinin aktual problemləri» («Гәнжә–Қазах аймағының археологиялық және этнографиялық зерттелуінің өзекті мәселелері») атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.
 
Конференцияға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері онлайн форматта қатысып, өздерінің мазмұнды баяндамаларын ұсынды.
Бөлісу: