Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

“Қаныш. Қазына” тақырыбында тағылымдық дөңгелек үстел өткізілді

10.04.2026
“Қаныш. Қазына” тақырыбында тағылымдық дөңгелек үстел өткізілді
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 127 жылдығына және 12 сәуір Ғылым қызметкерлері күніне орай “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен №61 орта мектебінің тарихшы мұғалімдері бірлесіп “Қаныш. Қазына” тақырыбында тағылымдық дөңгелек үстел өткізді.
 
Іс-шараның басты мақсаты: қазақ ғылымының көрнекті тұлғасы, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбегін насихаттау, жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыру болды.
 
Дөңгелек үстел барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Шалкеева Жұлдыз және Орынбасар Ақерке мазмұнды баяндамалар жасады. Қатысушылар Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасы туралы пікір алмасып, тарихи ескерткіштердің құндылығы жөнінде ой қозғады.
 
 
Бөлісу: