Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» тақырыбында халықаралық семинар өтті
24.06.2026
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен ұйымдастырылды.
Кездесу аясында музей саласындағы цифрлық шешімдерді қолдану, инновациялық тәсілдерді дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды. Пленарлық отырысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментінің директоры Ержан Дәулетұлы Тоқтағұлов жүргізді.
Бағдарлама барысында Түркияның музей ісі саласындағы жетекші мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи музей менеджментінің тиімді үлгілерін таныстырды.
Аталған семинарға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Алтынбекова Ақгүл мен Жанбосынова Айдана қатысты.
